Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулдегі Абай ескерткішінің ашылуына қатысады

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер өтіп, мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың перспективаларын қарастырмақ. Кездесу қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, үкіметаралық құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған, — деп жазды ол.

Қазақстан президенті Сеулге сапары аясында Кореяның ірі компанияларының басшыларымен, белгілі саяси қайраткерлермен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар коммерциялық келісім-шарт жасалады.

Фото: Берік Уәлидің Instagram-парақшасынан

Президент сонымен бірге Сеулдегі Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланған.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барған еді.