Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеті басшыларымен бейресми кездесті

Фотода Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бар.

Орталық Азия мемлекет басшыларының бейресми кездесуі, — деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына.

Айта кетейік, 6 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді. Ол Орталық Азия мемлекеті басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысады. Көрші елдердің басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер жоспарланған.

Саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орталық Азия аймағының өнер шеберлерінің концертін тамашалауды жоспарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеті басшыларымен
Фото: Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасынан