Қазақстанда 45 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанда 45 градусқа дейін ыстық және жаңбыр болады. Сібірдің батысындағы циклон және онымен байланысты фронталь бөліктер елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына әсер етеді.

Солтүстікте, орталықта және Қазақстанның шығысында кей жерде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Бұршақ жауып, екпінді жел соғады.

Бұл аймақтардағы ауа температурасы түнде 8…15 градус, күндіз 17 …22 градус болады. Республиканың қалған аумағында антициклонға байланысты құрғақ және жылы ауа райы сақталады. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық болады, — делінген хабарламада.