АҚШ Қазақстанды коронавирус қаупі жоғары елдердің тізіміне енгізді

Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Бұл бағыттарға барудан аулақ болыңыздар. Егер сізге осы елдерге бару қажет болса, сапарға шықпас бұрын вакцина алғаныңызға көз жеткізіңіз, — делінген АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы хабарламасында.

Аталған тізімге 70 ел кірген. Оның ішінде Қазақстаннан басқа Грузия, Греция, Индонезия, Иран, Ирак, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив аралдары, Моңғолия, Оман, Сауд Арабиясы, Испания, Біріккен Араб Әмірліктері мен Ұлыбритания да бар.

Қазақстанда болып жатқан жағдайға байланысты тіпті вакцинаны толық алған саяхатшылар да COVID-19 жұқтыру және тарату қаупі болуы мүмкін, — дейді АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы.

Сонымен қатар америкалық орталық туристер Қазақстандағы маска тағу мен әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты талаптарды орындауға тиіс екенін еске салады.