Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Асқар Мамин әкімдер мен екі министрлікке тапсырма берді

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Үкімет басшысы «дельта» штамының таралуына байланысты өңірлердегі эпидемиология жағдайы нашарлағанын айтты. Республика бойынша аурушаңдық айтарлықтай артқан.

Аурухана төсектері 56%, реанимациялық төсектер 44% толған. Пандемиядан шығудың жалғыз жолы — вакцинация. Бірінші компонентпен 5,5 миллионнан аса адам егілді, екінші компонентпен 4 миллионнан аса адам егілді. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет, — деді премьер-министр Үкімет отырысында.

Асқар Мамин сонымен бірге Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия алдын алу шараларын қабылдап жатқанын айтты.

Барлық өңірде 2 тамызынан бастап күшейтілген шектеу шаралары күшіне енді. Қабылданған барлық карантин талабының қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет. Бүгінде Ashyq жобасы бизнеске карантин жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Өңір әкімдері мен Денсаулық сақтау министрлігі барлық аурухана, бастапқы пункттер, мобильді бригадалар, ПТР–зертханалардың үздіксіз жұмыс істеуін, дәрі-дәрмектер мен қорғау құралдарының болуын қамтамасыз етуі қажет. Сондай-ақ, ІІМ мен Денсаулық сақтау министрлігі мониторингтік топтардың санитариялық-эпидемиялық нормалардың бұзылуын бақылау және анықтау бөлігіндегі жұмысын күшейтсін. Ералы Лұқпанұлы (Тоғжанов — премьер-министрдің орынбасары), сіз жалпы бақылауға аласыз, — деді Үкімет басшысы.