Опера әншісі Әлібек Дінішев «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген президент қаулысында.

Әлібек Дінішев бүгін 70 жасқа толды. 1951 жылы 30 шілдеде Алматыда туған.

Ол опера және камералық әнші (тенор), музыкалық педагог-профессор. 1979 жылы «Қазақ КСР-нің Халық артисі» және 1986 жылы «КСРО-ның Халық артисі» атағын алды.