Елімізде коронавирус пен пневмониядан 101 науқас қайтыс болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің 30 шілдедегі мәлімет бойынша, 93 580 адам (91 133 КВИ+ және 2 447 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 26 408 пациент, амбулаторияда 67 172 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 639 адамның жағдайы ауыр, 345 пациенттің жағдайы өте ауыр. 180 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

статистика

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркелді. Бір тәулікте 7 778 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.