Өзіңіздің «бизнес-балаңыздың» тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін Jusan Bank-тің ШОБ-қа арналған микрокредиттерін пайдаланыңыз.

Дені сау болып өссін

«Балалардың» дені сау болып өсуі үшін оның «рационын» қадағалау қажет. Қандай қаражаттар түсіп жатыр, олар қайда жұмсалып жатыр, мөлшері жеткілікті ме. Егер қазіргі уақытта айналымыңыз бен мерзімді төлемдеріңіз тоқтап қалса, бұл міндетті түрде «зат алмасумен» байланысты қиындықтарға алып келеді. «Баланы» қаржылық дәрумендермен нәрлендіру үшін микрокредит алыңыз. ШОБ-қа арналған микрокредиттер микро бизнеске де, шағын бизнеске де тиімді — 300 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін соманы құрайды.

Бойы ұзын болып өссін

«Балалар» әрдайым ата-анасына ұқсайды, сондықтан өзіңізге қарап өсу барысында проблемалар қай жерде туындауы мүмкін екендігін алдын ала анықтап, қаржылық шешімдерді дайындай аласыз. Оған қоса, сізден «ата-ана» ретінде кредитті ресімдеу үшін кепілзаттық қамтамасыз ету талап етілмейді, жұбайының немесе құрылтайшының/бизнестің меншік иесінің кепілдігі ғана жеткілікті.

ШОБ-қа арналған микрокредит бойынша өтінімді мақұлдау процессі  барынша автоматтандырылған, ал жауапты сіз ең қысқа уақыт аралығында аласыз.

Сымбатты болып өссін

Балаларын жақсы көретін ата-аналар олардың аяққа тік тұрғанын, ал «топ-томпақ бетінің» мінсіз профильге айналғанын күтеді. Бұл үшін уақытымыз әбден жеткілікті! Айналым қаражатын толықтыруға, бизнеске арналған жылжымайтын мүлікті немесе жабдықты сатып алу, реконструкциялау немесе жөндеуге жұмсауға болатын ШОБ-қа арналған микрокредиттер 36 айға дейінгі мерзімге беріледі, ал кредитті аннуитеттік төлемдермен де, дифференциалды төлемдермен де төлеуге болады.
Алма ағашы алмұрт бермейтінін де ескерерсіздер — микрокредитті мақұлдау үшін кредиттік тарихыңыз таза болуы, ал Jusan Bank және екінші деңгейлі басқа банктердегі ағымдағы берешек 5 000 000 теңгеден аспауы керек.

Тамаша уақыт

Алғашқы табыстардан үлкен жеңістерге дейін, «әліппе ақиқаттарынан» бәсекелестер мен өзінің жобаларына маңызды аналитикаға дейін – әрине, өзіңіздің бизнес-балаңыздың өсіп жатқанын жіті бақылап, оған қамқор болып, әрбір қадамын сараланған шешімдермен және сәтті стратегиялармен қолдап отырасыз.  Ал Jusan Bank-тің ШОБ-қа арналған микрокредиттері арқылы уақтылы қаражат құйып отыру өсуге септігін тигізетін дәрумендер секілді жұмыс істейді —  жақын арада сіз «балаңыздың» «ересек» болатынын көресіз!