Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Көкшетауға барды

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram-парақшасында хабарлады.

Президент сапар барысында өндіріс кәсіпорындарының жұмысымен танысып, өңірдегі денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралап көреді, — деп жазды Берік Уәли.

Әуежайда мемлекет басшысын Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қарсы алды.

Айта кетейік, бұған дейін президент мұнай саласындағы қиындыққа байланысты Маңғыстау облысында шешімін таппаған мәселелер көп екенін ерекше атап өткен болатын. Тоқаев жақын арада осы өңірді дамыту бойынша арнайы кеңес өткізетінін мәлімдеді.