Жаңа дерек Нұр-Сұлтанда көп тіркелді, астанада өткен тәулікте 1 537 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Сонымен бірге Алматы (+1 207) мен Қарағанды облысында (+796) коронавирус жұқтырғандар көп.
Өңірлерде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:
Нұр-Сұлтанда — 1 537;
Алматыда — 1 207;
Шымкентте – 382;
Ақмола облысында – 195;
Ақтөбе облысында — 175;
Алматы облысында — 260;
Атырау облысында — 480;
Шығыс Қазақстан облысында — 333;
Жамбыл облысында — 141;
Батыс Қазақстан облысында — 136;
Қарағанды облысында — 796;
Қостанай облысында — 209;
Қызылорда облысында — 163;
Маңғыстау облысында — 254;
Павлодар облысында — 207;
Солтүстік Қазақстан облысында — 142;
Түркістан облысында — 180.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 542 703-ке жетті, оның 452 002-і жазылып шықты.
