Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 84 адам қайтыс болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің 25 мамырдағы мәлімет бойынша, 78 917 адам (–76 891 + және 2 026 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 23 046 пациент, амбулаторияда 55 871 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 438 адамның жағдайы ауыр, 284 пациенттің жағдайы өте ауыр. 182 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

статистика

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд жаңарды. Елімізде бір тәулікте 6 631 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.