Мұрат Баймұқашев ішкі істер министрінің орынбасары болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;

Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, делінген хабарламада.