Коронавирус пен пневмониядан тағы 77 адам қайтыс болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің 22 шілдедегі мәлімет бойынша, 67 475 адам (–65 808 + және 1667 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 20 526 пациент, амбулаторияда 46 949 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 190 адамның жағдайы ауыр, 272 пациенттің жағдайы өте ауыр. 168 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

статистика

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 510 мыңға жетті. Өткен тәулікте 5 708 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да