Басты бетҚоғамПрезидент Құрбан...

Президент Құрбан айтта эпидемиология жағдайын ушықтырып алмауды тапсырды

Ертең бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. Елде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Сондықтан біз жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмауымыз керек. Жағдайды одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін. Үкімет пен әкімдер осы мәселені ерекше бақылауда ұстауға тиіс, — деп тапсырма берді президент.

Мемлекет басшысы Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажеттігін жеткізді.

Бүгін көтерілген барлық мәселе Үкіметтің ерекше бақылауында болуы тиіс. Жедел іс-қимылдың нақты жоспары қажет. Қабылданған шаралар туралы ай ішінде есеп беруді сұраймын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент коронавирустың жаңа толқыны туралы да айтты.

Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Кейінгі күндері жүздеген азаматымыздан айырылып қалдық. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды. Вирус біз үшін ең қымбат жандарды алып кетіп жатыр. Бұл күресте біздің аға буын, ең қиыны балаларымыз зардап шегіп жатыр, — деді ол.