Басты бет / Жаңалықтар /
Рухия Байдүкенова
Фото: Belta.by

Қазақ әншісі «Славян базары» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

БЕЛТА басылымының хабарына қарағанда, жас орындаушылар байқауының бас жүлдесіне қызу талас болған. Екінші турда вокалшылар бас дирижер Виталий Кульбаковтың басшылығымен Беларусь Президенттік оркестрінің сүйемелдеуімен славян хиттерін орындады.

YouTube video player

Кей әртіске үшін бұл өте қиын сынақ болды. Эквадорлық Ванна сияқты алыс елдерден келген қонақтар орыс тілін үйренуге мәжбүр болды. Оңтүстік Америка елінің өкілі «Да ночкой лунною» әнін акцентсіз орындап шықты. Ал кубалық Улисес Карл «Вдоль по Питерской» ән айтты. Алайда, вокалды оркестрмен үндестіру бәріне бірдей оңай бола қойған жоқ, сондықтан қазылар алқасы болжағандай, байқаудың екінші туры бәрін шеші, — деп жазады БЕЛТА.

Қызу тартыста Қазақстан өкілі Рухия Байдүкенова жеңіске жетті. Үздік орындаушыға бас жүлдені қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыс етті. Кейін жеңімпаздың фотосын Facebook-парақшасында Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев жариялады.

9b92d611f9f6480bfecbd6f3977ea94d Қазақ әншісі "Славян базары" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

Бірінші орынды Сербиядан келген Ирина Арсениевич, екінші орынды украиналық Рената Штифель мен Даниил Мышковец, үшінші орынды словакиялық Иванна мен Әзербайжаннан келген Тофик Гаджиев бөлісті. Сербиядан келген «Славянская надежда» президентінің арнайы жүлдесін Беларусь премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко табыс етті.

Қазылар алқасы кеңесіп жатқанда көрермендер алдында Беларусь, Ресей, Украина, Грузия, Қазақстан әртістері өнер көрсетті. Сахнада Николай Носков, Ярослав Сумишевский, Игорь Корнелюк, Ангелина Ломако, Александр Панайотов, Сергей Пенкин, Тео және Ольга Рыжикова, «Корни» тобы ән шырқады.

Әйтсе де, Димаш Құдайберген сахнаға шыққан кезде, ол қошеметке кенелді, ал оның жанкүйерлері даусы қарлыққанша қолдау білдірді. Әртіске әрі орындаушылар байқауының қазылар алқасының қазіргі мүшесіне фанаттардың қолдауы өте қуатты болды, — деп атап өтті басылым.

a8e82c6d3d3d770734bd9106f25bdbec Қазақ әншісі "Славян базары" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

07ae3036ac46134094991956361ec392 Қазақ әншісі "Славян базары" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

Концерт «Салют, фестиваль!» әнімен және отшашумен аяқталды.

Айта кетейік, Талдықорғанда туған 22 жастағы Рухия Байдүкенова вокалмен ерте жастан айналысқан. Қазір бойжеткен Қазақ ұлттық өнер университетінің «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша үшінші курсында оқиды. Рухия Байдүкенованың диапазоны бес октава.

17d5f2053ba74ec886e57244d5a2bff8 Қазақ әншісі "Славян базары" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

Еске салайық, 2015 жылы «Славян базары» байқауының бас жүлдесін Димаш Құдайберген жеңіп алған еді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram