Нұр-Сұлтанда 17 шілдеден бастап карантин шектеулері күшейеді

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының күрт өсуіне байланысты карантин шаралары күшейтілді. Демалыс күндеріне локдаун енгізілді.

Жаңа қаулыға сәйкес, астананың қоғамдық көлігі демалыс күндері, яғни сенбі және жексенбі күндері жүрмейді. Автобустарда маска режимі міндеттеледі, ал жолақы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Бұдан басқа, қоғамдық тамақтану нысандары – дәмханалардың, мейрамханалардың, кофеханалардың жұмыс режимі қысқартылды, олар келушілерді дүйсенбі-жұма күндері таңғы 7-ден 17.00-ге дейін қабылдайды. Ashyq жобасымен жұмыс істейтін мекемелерге дүйсенбі-жұма аралығында сағат 20.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Ал демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Демалыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарының, театрлардың, компьютерлік клубтардың және тағы басқа жұмысына тыйым салынады.

Азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс тәртібі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін белгіленген.

Құжат 2021 жылы 17 шілде күні сағат 00.00-де күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.