Елімізде бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша рекорд жаңарды

COVID-19 инфекциясын жаңадан жұқтыру дерегі Нұр-Сұлтан (1 576) мен Алматыда (850), Қарағанды облысында (603) көп тіркелді.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда —  1 576;
Алматыда — 850;
Шымкентте – 416;
Ақмола облысында – 160;
Ақтөбе облысында — 204;
Алматы облысында — 144;
Атырау облысында — 299;
Шығыс Қазақстан облысында — 79;
Жамбыл облысында — 71;
Батыс Қазақстан облысында — 234;
Қарағанды облысында — 603;
Қостанай облысында — 104;
Қызылорда облысында — 84;
Маңғыстау облысында — 189;
Павлодар облысында — 156;
Солтүстік Қазақстан облысында — 86;
Түркістан облысында — 59.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 472 106-ға жетті, оның 420 984-і жазылып шықты.