Геннадий Головкиннің Джейкобстан жеңілуіне бірнеше себептер бар

Оның айтуынаша, Джейкобс «Келл Бруктың мықты әрі жылдам нұсқасы». Еске салайық, 2016 жылы қыркүйекте Келл Брук Геннадий Головкинге мерзіміне дейін ұтылып қалған болатын. Журналист ұлыбританиялық боксшының жарақаты болмағанда, жекпе-жектің қалай аяқталуы белгісіз деп атап өтті. Головкин сол кездесуде көп соққы жіберіп алғаны айтылған, алайда барлығын көтерген себебі оның қарсыласы «әлсіз» болған (Брук осы кездесу үшін екі салмақ дәрежесіне көтерілген).

«Егер Бруктың екінші раундта жасаған апперкотын Джейкобс жасағанда, бұл нокаут болуы мүмкін еді. Джейкобс бірден осындай шабуылдарға көшетін болса, ол онда Головкинды сөзсіз жеңеді», — деп жазады автор.

«Головкиннің шыдамдылығы бұрынғыдағыдай емес. Брукпен кездесу кезінде оның ауыр дем алып жүргені байқалды, оның қатты шаршап қалғанын да көрдік», — делінген жазбада.

«Головкин 2013 жылдары нағыз бабында болды. 2016 жылы Головкиннің қорғанысында қателіктер пайда бола бастады, ол Доминик Уэйдтен және Келл Бруктан қатерлі соққылар алды. GGG осы кездесулердің барлығын жеңгенімен, бұрынғы Маклин, Гилл және Стивенстерді жеңгендей айқын басымдылық көрсете алмады. Оның күші өзінде, бірақ Головкин соққы жасағандағы жылдамдығы мен қорқанудағы рефлекстерін жоғалтып алды.

Журналист Крис Уильямс осының барлығына да оның жасы кінәлі деп көрсетеді. Оның ойынша, Геннадий Головкин енді жас кезіндегі жекпе-жектердегі жұдырықтасудың биік шыңын көрсете алмайды. Менің ойымша, ол Джейкобстен де «Канелодан» жеңіледі», — дейді автор.

 

Дереккөзtengrinews.kz