Қазақстанда карантин күшейеді

Бүгін, 12 шілдеде Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен республика аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер – Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде коронавирус инфекциясына қарсы күрес бойынша шешімдер қабылдау үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған тапсырмаларға қатысты болды.

Вице-премьер мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде келесі міндеттерді жүзеге асыруды жүктеді:

  • коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларын түбегейлі қайта қарау Стратегиясын әзірлеу;
  • 2021 жылдың 19 шілдесіне дейін шағын және орта бизнес қызметкерлеріне вакциналау жүргізудің нақты мерзімдерін қайта қарау және белгілеу;
  • Pfizer компаниясымен келісімге қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және вакцинаны жеткізу туралы келісімшарт жасасуды қамтамасыз ету;
  • 2021 жылдың 19 шілдесіне дейін міндетті вакциналауға жататын қоғамның тіршілік ету салаларын анықтау;
  • ПТР-тестілеудің бірыңғай базасына ұқсас вакциналаудың цифрлық картасын іске қосу мәселесін пысықтау;
  • 2021 жылдың 19 шілдесіне дейін Ashyq сияқты цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану басымдығымен мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қайта форматтау бойынша ұсыныстар енгізу;
  • эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандырудың қолданыста болатын қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерді оқытудың дәстүрлі нысанын қайта бастау кезінде педагогтер мен оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.
1 92 Қазақстанда карантин күшейеді

Елдегі эпидемиология жағдайдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия «қызыл» аймақтағы өңірлерде карантин шектеулерін күшейту бойынша шаралар қабылдады, тоқтатылсын:

  • Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары;
  • жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі.

Демалыс және мереке күндері жұмысына тыйым салынсын:

  • қоғамдық көліктің;
  • Ashyq жобасына қатысушыларын қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;
  • Ashyq жобасына қатысатындарын қоспағанда, фитнес орталықтардың, фитнес клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;
  • Ashyq жобасына қатысатындарын қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтардың, караокелердің, көрмелердің;
  • Ashyq жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілерінің;
  • Ashyq жобасына қатысатындарын қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
  • білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;
  • Ashyq жобасына қатысатындарын қоспағанда, фудкорттардың.
068Jp4mCC6ImsBD8nwSdEegoxI7yJAf4pRChhr3 Қазақстанда карантин күшейеді

Жұмыс күндері жұмысы шектелсін:

  • сағат 20.00-ге дейін Ashyq жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің;
  • сағат 18.00-ге дейін Ashyq жобасына қатысуына қарамастан, ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің;
  • Ashyq жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандарының, фудкорттардың жұмысы – сағат 20.00-ге дейін, Ashyq жүйесіне қатыспайтындардың жұмысы – сағат 18.00-ге дейін.

Отырыс соңында вице-премьер мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирусқа қарсы вакциналаумен қамтуды арттыруды тапсырды.