8-10 шілде күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМҚ мамандары Каспий теңізінің солтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты фронталь бөліктер 8-10 шілде аралығында Қазақстанның барлық аумағын қамтып, солтүстік-шығыс бағытқа жылжитынын хабарлады.

Осыған байланысты, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста жаңбыр жауады. Сондай-ақ, найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпіні күшті жел соғады. Батыста ауа температурасы түнде +13+23 градусқа дейін, ал күндіз +23+32 градусқа дейін жылы болады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында: түнде + 10+21 градус, күндіз термометр бағаны +20+28 градусты көрсетеді. Елдің орталығы мен шығысында: түнде +13+23 градус, күндіз +25+37 градус, ал Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі уақытта ауа температурасы +18+25 градус, күндіз +30+42 градус болады деп күтіледі, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да