Өрт көлік қозғалтқышынан шығып, салонның 7,5 шаршы метрі жанған. Оқиғаның себебі – жоғары қаупі бар агрегатты абайсыз пайдалану, — деп түсіндіріп өтті ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметінен.
Оқиға орнына КамАЗ көлік цистернасымен өрт сөндіру бөлімінің 5 қызметкері шықты. Олар жалынмен күресе отырып, жарылысты болдырмау үшін отын багын салқындатқан.
