Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Еліміздің автожолдарында жүк көліктеріне уақытша шектеу енгізілді

Фото: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
  • Еліміздің солтүстік аймақтарында шектеулер 1 маусымнан 15 тамызға дейін жалғасады. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды аймағы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектеулер сағат 11.00 мен 21.00 аралығында сақталады.
  • Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аймағы), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, сағат 10.00-нан 22.00-ге дейін сақталады.

Бұл шектеулер халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарына, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларға, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді, тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдауды, жолаушылар мен багаж тасымалын, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ, жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына қатысы жоқ.