Нұр-Сұлтанда карантин шектеулері тағы күшейеді

Қаланың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиология жағдайының нашарлауына байланысты қаулы етті:

  • онлайн форматта ұйымдастыруды қоспағанда, жабық ғимараттарда қалалық мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
  • саябақ аймағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрлеріне тыйым салу;
  • Ashyq жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін театрлардың, филармониялардың жұмысын отыратын орындар санының 20%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша  арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 00.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру;
  • Ashyq жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін  кинотеатрлардың жұмысын отыратын орындар санының 30%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша  арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 00.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру.

Қаулының толық нұсқасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Қаулы 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда карантин кейінгі рет 24 маусымда күшейтілген еді.