Қазақстанда алдағы тәуліктерде 42 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанда алдағы тәуліктерде 42 градусқа дейін ыстық болады. Бұған Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массаларының келуі себеп.

Тек республиканың батысында шілденің алғашқы күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұл ауа температурасының төменеуіне әсер етеді: түнде 17-22 градусқа дейін, күндіз 27-35 градусқа дейін жылы болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде 15-22, күндіз 30-38 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 20-25, күндіз 35-42 градус жылы болады, — делінген хабарламада.