Жаңа дерек Нұр-Сұлтанда көп тіркелді, астанада өткен тәулікте 507 адамнан коронавирус анықталды. Сонымен бірге Қарағанды облысы (+278) мен Алматыда (+215) инфекция жұқтырғандар көп.
Өңірлерде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:
Нұр-Сұлтанда — 507;
Алматыда — 215;
Шымкентте – 103;
Ақмола облысында – 43;
Ақтөбе облысында — 35;
Алматы облысында — 33;
Атырау облысында — 73;
Шығыс Қазақстан облысында — 70;
Жамбыл облысында — 36;
Батыс Қазақстан облысында — 101;
Қарағанды облысында — 278;
Қостанай облысында — 42;
Қызылорда облысында — 28;
Маңғыстау облысында — 38;
Павлодар облысында — 33;
Солтүстік Қазақстан облысында — 13;
Түркістан облысында — 38.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 419 800-ге жетті, оның 392 777-і аурудан айықты.
