Coronavirus2020.kz сайтының телеграм каналында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Our World in data ғаламдық деректерінің ғылыми онлайн-басылымы әлем елдерінің халықты вакциналау деңгейі туралы кезекті рейтинг жариялады.
Қазақстан жаңа рейтингте 18 орынға алға жылжыған.
Елдегі вакцинанын екі компонентін де толық алған тұрғындардың үлесі сәуір айының соңында 9,4% болған. Санмен алсақ, бұл 1,79 миллион адам деген сөз. Науқан басталғаннан бері әрбір оныншы қазақстандық вацина алып үлгерген.
21-24 маусымдағы мәліметтер бойынша вакциналау науқанының абсолютті көшбасшысы Қытай болып отыр. Мұнда вакцинаны 223 миллионнан астам адам алған. Бірақ, халықтың жалпы санына шақса, бұл ел азаматтарының тек 15%-і.
Көшбасшылар үштігінде АҚШ та бар. Бұл елде вакцина алғандар саны 150 миллионнан асады. Үшінші орында Үндістан тұр. Бұл мемлекетте 51 миллионнан астам азамат немесе халықтың 3,7%-і екпе алған.
