Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігің ресми сайты хабарлады.
Жаңа қаулыға сәйкес, астанада коронавирус инфекцияның одан әрі таралуын болдырмауға бағытталған қосымша шектеу шаралары енгізілді.
Сауда ойын-сауық орталықтарының апта ішіндегі жұмыс уақыты 10:00-17:00 аралығына белгіленді. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. СОО-да орналасқан азық-түлік өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сататын дәріханаларға, шағын маркеттерге, супермаркеттер мен гипермаркеттерге, COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау пункттеріне, Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарына бұл шектеу қолданылмайды.
Қоғамдық көлік жұмысы өзгеріссіз қалады: жұмыс күндері және сенбі күні штаттық режимде, ал жексенбіде дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі.
Жаңа қаулы 2021 жылғы 27 маусым күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.
Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.
