Владимир Путин Қызылорда облысы әкімін марапаттады

Байқоңыр әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Гүлшара Әбдіхалықова ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану, елдер арасындағы достықты нығайту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосқаны үшін Ресей президентінің атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен бірге дәл осындай мәтіндегі Құрмет грамотасымен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстанның Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі Серік Сүлейменов те марапатталды.

Айта кетейік, Гүлшара Әбдіхалықова 2020 жылдың 28 наурызында президент жарлығымен Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалған. Ол — Қазақстанда облыс әкімі лауазымына ие болған алғашқы әйел адам.