Жоба аясында Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шахановпен Antikor орталығында тікелей эфир өтті.
Тікелей эфир барысында ақын сыбайлас жемқорлықпен күрестегі маңызды құндылықтарды атап өтіп, жас буынға ақыл-кеңесін айтты.
Кім шындығын жоғалтып алса, ақ-қараны ажыратудан қалса, сөзі мен ісі басқа болса, қоғамды алдаса, ондай ақын, ғалым, мемлекеттік қызметшінің даңқы түк ке де тұрмайды. Бұл індетпен күресте әділдік, парасаттылық, сенім қағидаттарын берік ұстану қажет, — деді ақын.
Эфир соңында Мұхтар Шаханов өскелең ұпаққа кеңестерін айтып, дұрыс бағыт-бағдар берді.
Ел ертеңі — болашақ жастарымыздың қолында. Жастардың жұлдыздары ылғи да шындық пен елдік, ұлттық мүдде биігінде жарқырасын!, — деді Мұхтар Шаханов.