Басты бетЖаңалықтарУниверсиада-2017 қарсаңында...

Универсиада-2017 қарсаңында жаппай жеңілдіктер науқаны басталады

Басқарманың мәлімдеуінше, Almaty Sales Festival шеңберіндегі сатылым 20 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Осы кезең аралығында қалаға Қазақстан өңірлері мен әлемнің 58 елінен 2 мыңнан астам спортшы мен турист келетіні жоспарлануда.

Барлық 126 сауда орталығы мен «street retial» үлгісіндегі дүкендерде азық-түліктен басқа  тауарларға  жеңілдіктер беріледі. Науқандық ұсыныстар Универсиада-2017 іс-шарасына арнайы ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, 2016 жылғы желтоқсанда қалада Жаңа жыл мерекеcіне орайластырылған сатылымдар жүргізілген болатын. Нақтыласақ, 120-дан астам сауда орталығы мен 120 азық-түлік дүкенінде  19%-дан 80%-ға дейінгі жеңілдіктер болды.

ДереккөзЕгемен