Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандарының басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Түркістан, Алматы облыстарында, Алматы мен Шымкентте орналасқанын хабарлады.
Мониторинг барысында карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істейтіндігі, жұмыс кестесіне қойылатын шектеулердің сақталмайтындығы, бұқаралық шаралардың ұйымдастырылатындығы анықталды, — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша 315 іс сотқа жіберліп, 84 нысанның қызметі уақытша тоқтатылған.
Карантин талаптарын бұзғаны үшін 9,9 мың шағын және орта бизнес иесі, 7,1 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден асады, — делінген хабарламада.
