Алматы “сары” аймаққа кірді. Кеше, 21 маусымда қалада 110 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.
«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы тұр.
«Сары» аймақта Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.
Ал Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары «жасыл» аймақта.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 410 мыңнан асып кетті. Елімізде өткен тәулікте 943 адамнан коронавирус анықталды.
