Қазақстандағы ең қымбат футбол клубтары

Тransfermarkt.de деректеріне сүйеніп, екі клубтың жалпы нарықтық бағасы бір-бірімен шамалас деуге болады. Ал үшінші орындағы «Ордабасы» клубы ойыншыларының жалпы нарықтық бағасы жоғарыда аталған екі клубтың жарты бағасына да жетпейді. Бірақ қазір — қысқы трансфер кезі. Клубтарымыз өз құрамын толық жасақтап үлгерген жоқ, яғни әлі де толықтыра түседі. Ендеше, бұл көрсеткіштер өзгереді. Жалпы, дәл қазір transfermarkt.de сайтында Қазақстан премьер-лигасындағы 12 команда сапында 282 ойыншы тіркелген. Футболшылардың орташа жасы — 27,2. Сырттан келген легионерлер саны — 75. Ал премьер-лигамыздың жалпы нарықтық бағасы — 95 миллион 730 мың еуро.

Қазақстандағы ең қымбат футбол клубыҚазақстандағы ең қымбат футбол клубы

ДереккөзҚазАқпарат