15-17 маусымда ауа райы қандай болады?

“Қазгидромет” РМҚ мамандары атмосфераның фронтал бөліктері әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейетінін хабарлады. Оңтүстіктегі жекелеген аудандарда құмды дауыл болады.

Батыста, солтүстік-батыста күндіз 30-40 градусқа дейін, солтүстікте — 30-35 градусқа дейін, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыста — 25-38 градусқа дейін, оңтүстікте — 35-40 градусқа дейін ауа температурасы көтеріледі деп күтіледі,-делінген хабарламада.