Бес бала жараланды. Талдықорғанда оқушылар автобусы апатқа ұшырады

24 мамыр күні 08.30 шамасында оқушыларды тасымалдаған автобус көлік апатына түсті.

Талдықорған, автобус, апат
Фото: Inform.kz

«Исузу» маркалы автобусты 60 жастағы жүргізуші тізгіндеген.

Ол Амангелді көшесінде солға бұрылып, қарсы бағытта келе жатқан «Ауди» көлігіне жол бермеген. Салдарынан автобус «Мазда» көлігіне соғылған. Автобустағы 5 оқушы зардап шекті. Сондай-ақ «Ауди» көлігінің жүргізушісі және оның 56, 23 жастағы жолаушылары ауруханаға түсті, — делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1 бөлігіне сәйкес соталды тергеу жүріп жатыр.

ДереккөзInform.kz