15 маусымнан бастап Алматы-Шарджа жаңа әуе рейсі ашылады

Бұл туралы FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Біріккен Араб Әмірліктеріне қатынайтын жаңа рейске билет сатылымын ашылды. Жайлы Airbus A320 ұшақтарында орындалатын Алматы-Шарджа-Алматы бағытындағы рейстер 15 маусымнан бастап қатынайды. Саяхат аптасына 3 рет — сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалмақ. Ұшу ұзақтығы 4 сағат 25 минутты құрайды, — делінген хабарламада.

Әуе компанияның хабарлауынша, бір бағытқа билеттің құны 59 999 теңгеден басталады.