22-24 мамыр: алдағы демалыс күндері 38 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек Шығыс Қазақстан облысында 22 мамырда аз мөлшерде жауын-шашын жауып, түнгі уақытта үсік жүреді. Иран аудандарынан белсенді түрде жылы және құрғақ ауа массалары келуіне байланысты ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы және тіпті күннің қатты ысуы күтіледі. 24 мамырда күндіз термометр бағаналары 30-38 жылу белгісіне жетеді, тек оңтүстік-шығыс, шығыс және орталықта күн 25-35 градусқа дейін жылиды, — делінген хабарламада.

Синоптиктер еліміздің жекелеген аудандарында жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде құмды дауыл тұратынын хабарлады.

Айта кетейік, мұның алдында 20-22 мамыр күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы қысқа мерзімге төмендейтінін хабарлаған едік.