Елімізде жыл басынан бері өрттен 29 бала қайтыс болды

Ведомств басшысының айтуына қарағанда, төтенше жағдайлар кезінде 15 адам өрттен құтқарылған, оның сегізі – бала.

Жылыту маусымы кезіндегі бала өлімі ерекше алаңдатарлық деңгейде. Балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру мекемелері карантинде болғандықтан немесе жұмысы шектелгендіктен балалардың басым бөлігі үйде болған, — деді министр.

2019, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл өрт дерегі 24% (2 760) көп тіркелген. Өрттің басым бөлігі жеке тұрғын үйлерде болған.

Қазақстанда кейінгі кезде балалардың өрттен қаза болуы жиілеген.

  • Ақпан айында Түркістандағы жеке тұрғын үйлердің бірінде табиғи газдан иіс тиген бес адамның мәйіті табылған. Олардың төртеуі – кәмелетке толмаған бала.
  • 19 ақпан күні Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы көп қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, бір үйдің бес баласы көз жұмды.
  • 17 ақпаннан 18-іне қараған түні Қызылордада уақытша баспана өртке оранып, үйде болған бес баланың кенжесі қазаға ұшырады. Қалған балаларды үйде болған анасы құтқарып үлгерген.
ДереккөзHolanews.kz