Алматы маңында жол-көлік оқиғасынан 1999 жылғы полицей қаза тапты

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, «Көлді-Жалпақсай» тас жолында «Мазда-626» автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Салдарынан 1999 жылы туған Алматы қалалық патрульдік полиция инспекторы Нәдір Қалымов басқарған «Лада Гранта» автокөлігімен соқтығысқан. Инерция бойынша «Лада» жолдың шетіне ұшып, ағашпен соқтығысқан. Полицияның кіші сержанты Нәдір Қалымов түнгі ауысымнан үйіне қайтып келе жатқан, бірақ отбасына жете алмады: полицей алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған, — делінген хабарламада.

Әр түрлі дене жарақаттарын алған «Мазданың» жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті Алматы облысы полиция департаменті Қарасай ауданының полция бөлімі аумақтық бөлінісі бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 3 бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр.

Алматының полиция департаменті басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер кеңесі Нәдір Қалымовтың отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Полицияның кіші сержанты Нәдір Қалымов ішкі істер органдарында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етті. Оның артында анасы мен жүкті әйелі қалды, — делінген хабарламада.