Басты бетҚоғамҚазақстанда 15...

Қазақстанда 15 мыңнан астам шетелдіктің жұмыс істеуіне рұқсаты бар

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар:

  • бірінші санат – 650 (басшылар және олардың орынбасарлары);
  • екінші санат – 3 246 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары);
  • Тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 511 адам және 488 адам.

Сонымен бірге маусымдық жұмыстарға – 1 723 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 825 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 718 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 478 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-і, — делінген хабарламада.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер: Қытай – 3 656 адам, Өзбекстан – 1 741 адам, Түркия – 1 588 адам, Үндістан – 1 090 адам, Ұлыбритания – 930 адам.

Еске салайық, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді.

2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың болды.