17 маусымнан бастап Алакөлге қосымша пойыздар шығады

  • 17 маусымынан бастап №457/458 «Семей-Достық» арасында күн ара қосымша пойыз қатынайды. Семей станциясынан тақ күндер бойынша, Достық станциясынан жұп күндер бойынша жөнелтіледі;
  • 17 маусымынан бастап №459/460 «Өскемен-1 – Достық» арасында күн ара қатынау жиілігімен қосымша пойыз жүреді. Өскемен-1 станциясынан тақ күндері, Достық станциясынан жұп күндер бойынша жөнелтіледі.
  • 20 маусымнан бастап №257/258 «Нұр-Сұлтан-1 – Достық» қатынасында жиілігі аптасына 2 рет қатынайды, жексенбі және бейсенбі күндері Нұр-Сұлтаннан, дүйсенбі және жұма күндері Достықтан жөнелтіледі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі курорттық аймақ бағытында аптасына 2 рет жиілігімен қатынайтын №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы, сондай-ақ жазғы кезеңде құрамында «Нұр – Сұлтан-Достық» тіркемелі вагоны бар №121/122 «Нұр-Сұлтан-Семей» пойызы, №6941/6942 «Ақтоғай-Семей» пойызына Ақтоғай станциясында қайта тіркелетін № 21/22 «Қызылорда-Семей» пойызы құрамындағы «Алматы-Достық» қатынасындағы тікелей вагоны бар екенін еске салды.