ДДҰ басшысы Тедрос Гебреисус коронавирусқа қарсы вакцина салғызды

Тедрос Аданом Гебреисус вакцина алғанын Twitter-парақшасында жазды.

Бүгін Женева университеті клиникасында COVID-19-ға қарсы вакцина алу кезегім келді. Вакцина өмірімізді сақтайды. Оларды бүкіл елге тез жеткізу өте маңызды, — деді ол.

Сонымен бірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы вакцинасы бар ел тұрғындарын өзінен үлгі алып, коронавирусқа қарсы екпе алуға үндеген.

ДереккөзTengrinews.kz