Алматының қоғамдық орындарына 3 мың камера орнатылады

Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, қазіргі заманда жаңа техникалық әзірлемелерді қолданбай қылмыспен күресу мүмкін емес. Сондықтан полиция органдарын жабдықтауға ерекше назар аударылады.

Қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ететін полиция қызметкерлеріне видеорегистраторлардың 529 жаңа буыны сатып алынды. Жақын арада барлық полиция қызметкерлеріне осындай видеорегистраторлар беріледі, — деді әкім.

Сонымен бірге 1 мыңнан астам электронды планшет алынды, соның арқасында хаттамалар мен құжаттарды толтыру уақыты едәуір қысқарды. Егер бұрын хаттаманы толтыруға 30-40 минут кететін болса, қазір бұл уақыт 5-7 минутқа дейін қысқарды.

Бүгінде қалалық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығында 4 мың бейнебақылау камераларының көмегімен мониторинг жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері камералардың көмегімен 1 425 қылмыс ашылды, 780 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Бейнемониториг жүйесінің жобасы әзірленіп жатыр, оның аясында қаланың қоғамдық орындарында 3 мың камера орнатылады. «102» мобайл қолданбасы жасалды, енді кез-келген азамат қосымша арқылы онлайн-қоңырау соғып, болған оқиға туралы хабарды тарата алады.