Асхат Аймағамбетов: Қазандағы қайғылы оқиғадан сабақ алуымыз керек

Ведомство басшысы бұл туралы Facebook-парақшасында жазды.

Қазан мектебінде болған террорлық акт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырған жоқ, әрқайсымыздың жүрегімізге ауыр тиіп, зор күйзеліспен қабылдадық. Біз осы қайғылы оқиғалардан сабақ алуымыз керек, — деді министр.

Асхат Аймағамбетов кеше осы мәселелер бойынша кеңес өткізгенін айтты. Министр осы жағдайға талдау жүргізуді және жақын арада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейде қосымша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.

Бұл бақылау камералары, өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелері ғана емес, сонымен бірге төтенше жағдайлардағы қызметкерлер мен оқушылардың мінез-құлқы мәселері де ғана емес. Көп нәрсе нақты және дамыған әрекеттерге байланысты, — деді ол.

Білім және ғылым министрінің айтуынша, психология қызметтерінің жұмысына және қолайлы жағдайлар жасауға назар аудару керек.

Бұл үлкен және бірлескен жұмыс. Балалар – біз үшін ең қымбат және олардың қауіпсіз болуына бар жағдайды жасауымыз қажет, — деді министр.