Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.

Қазақстанның тұңғыш президенті Татарстан астанасындағы мектепке қарулы шабуыл жасалып, адамдардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазан қаласының №175 мектебінде болған трагедия салдарынан балалар мен ересек адамдардың опат болғаны туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдадым. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін, – делінген жеделхатта.

Еске салайық, Татарстан астанасы Қазан қаласында Файзи көшесіндегі №175 гимназияда белгісіз біреулер оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырды. Кейінгі дерек бойынша 9 адам қаза тапты.