Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыс батырларына арналған портал іске қосылды

Жоба авторларының ішінде «Ұлттық пікірсайыс федерациясының» президенті, Jaqsy Bolady YouTube арнасының авторы Бұхарбай Болат, тележүргізуші Махаббат Есен, блогер Яков Федеров және Ave adicus YouTube арнасның авторы Ашірбек Әділет.

Жоба авторлары дүниежүзіндегі пандемияға байланысты акцияны офлайн форматта өткізу мүмкін емес екенін ескеріп, соғыс батырларына онлайн форматта ерекше құрмет көрсетуді ұйғарды.

Бұл жай ғана портал емес — бұл екінші дүниежүзілік соғыс батырларына арналған мәңгілік естелік альбомы. Біз сіздермен бірге бостандық үшін өз өмірлерін қиған, жарқын болашағымыз үшін қан төккен аталарымыздың ерліктерін құрметтеуіміз қажет! — деп жазды жоба авторларының бірі Махаббат Есен Instagram-парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Махаббат Есен (@mahabbatesen)

Шараға қатысу үшін өтініш пен батыры жайлы ақпаратты Qaharman1945.kz сайтында қалдыру керек.

Сонымен бірге жоба Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы рөлі мен жекелеген қазақстандық батырлардың жетістіктері туралы баяндайды.

Батырлар құрметіне арналған онлайн шеру 9 мамыр күні, сағат 10.00-де жобаның әлеуметтік желілердегі парақшаларында өтеді.

ДереккөзInform.kz