6-8 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМҚ хабарлауынша, атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Қазақстан аумағына батыс антициклонның келуіне байланысты ауа температурасы төмендейді, елдің солтүстігінде түнде 3 градусқа дейін, күндіз 15-20 градусқа дейін ыстық болады. Республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, күндізгі температураның 20-25 градусқа дейін төмендеуіне ықпал етеді, — делінген хабарламада.