Кәсіпкерлерге кеңес: Егер сізге тексеріс келсе

Кәсіпкерге ерекше тәртіп бойынша тексерістің басталатыны туралы және ішінара тексеріс туралы 30 күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде хабарлануы тиіс. Жоспардан тыс тексеріс кезінде тексеріс басталғанға дейін бір тәулік бұрын хабарлануы қажет.
Бұл ережеден тыс өткізілетін тексерістерге Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабының 3-тармағының 2, 7, 9, 10 тармақшаларына және 6,7 тармақтарына сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерістер жатады.

Кәсіпкер нені білуі керек?

Тексеруші сізге мыналарды көрсетуі тиіс:

  • Тексеріс тағайындау туралы акті. Актіде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің сіздің аймақтағы Басқармасында тіркеу туралы мөрі болуы керек;
  • Қызметтік куәлік;
  • Тексеру парағы. Онда тексеруге жататын талаптар көрсетілген болуы тиіс.

Айта кетейік, тексеріс тағайындау туралы актіде көрсетілмеген тексеруші тұлғалар тексеріс жүргізуге құқылы емес. Сондай-ақ, тексеріс 30 жұмыс күнінен аспауы керек (Салық кодексінің 629 бабындаға уақыт регламентімен көрсетілген салықтық тексерістен басқа жағдайда). Оның басталуы болып тексеріс тағайындау туралы акті тапсырылған күн есептеледі.

Тексерістің заңды екенін қайдан білуге болады?

Сіз тексерістің заңдылығын http://service.pravstat.kz/ мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ақпараттық сервисінің «Сіздің бизнесті тексерудің заңдылығы» бөліміне жүгіну арқылы тексере аласыз.

Тексеріс кезіндегі кәсіпкер құқығы

  • Егер жүргізілетін тексеру тексеріс нысанасына жатпаса немесе актіде көрсетілген кезеңге жатпаса, ондай мәліметтерді бермеуге;
  • Лауазымды тұлғаның қызметіне кедергі келтірмей, аудио және бейнетехниканың көмегімен тексеріс процесін жазып алуға;
  • Тексеріс тағайындау туралы, тексеріс нәтижелері туралы актіге, сондай-ақ тексеруші тұлғаның әрекеттеріне жоғары тұрған мемлекеттік органға не сотқа шағым беруге;
  • Сіздің қызметіңізді шектейтін, тексерушілердің заңда негізделмеген тыйымдарын орындамауға (мысалы, ешқандай негізсіз қызметті тоқтата тұру туралы талап);
  • Өз мүдделеріңіз бен құқықтарыңызға өкілдік ету мақсатында, тексеріс жүргізу кезінде сол жерде болуға, сондай-ақ тексеріске қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға.

Тексеріс жүргізуші лауазымды тұлғаланың құқы жоқ:

  • Осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген болса, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрекет етететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;
  • Егер зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектiлерi болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды (құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерi) ұсынуды талап етуге;
  • Хаттамаларды ресiмдемей тұрып өнiм үлгiлерiн емесе қандай да бір объектілерді iрiктеп алуға;
  • ҚР заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге немесе таратуға;
  • Тексеру жүргiзудiң белгiленген мерзiмдерiнен асып кетуге;
  • Мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерiлетiн кәсіпкердің есебiнен төленетін iс-шараларды жүргiзуге құқылы емес.

Тексеріс қорытындысы қалай ресімделеді?

Тексерушілер 2 данада тексеру нәтижелері туралы акті жасайды, оның біреуі сізге тапсырылады. Егер ескертулер немесе наразылықтар болса, сіз оларды жазбаша түрде мазмұндай аласыз, олар актіге қоса тіркеледі.

Қандай тексеріс заңсыз болуы мүмкін?

  • Тексеріс жүргізу негіздерінің жоқ;
  • Тексеріс тағайындау туралы акті жоқ;
  • Тексеріс жүргізу туралы хабарлама мерзімдерінің сақталмаған;
  • Ерекше тәртіп және ішінара тексерістер бойынша тексерістер жүргізудің мерзімділігі бұзушылған;
  • Кәсіпкерге тексеріс тағайындау туралы актіні ұсынбаған жағдайда;
  • Лауазымды тұлағлар өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерістер тағайындағанда;
  • Тексеріс тағайындау туралы акті құқықтық статистика және арнайы есепке алу органарында тіркелмеген жағдайда тексеріс заңсыз деп танылады.

Өрескел бұзушылықпен жүргізілген тексеріс (тізбесі Кәсіпкерлік кодексінің 156-бабының 3-тармағында келтірілген), жарамсыз деп танылады, бұл оны кейінге қалдыру үшін негіз болып табылады.

Мәліметтер ҚР Бас прокуратурасы сайтынан алынды.