Бұл туралы Facebook-парақшасында Бақытжан Базарбек есімді қолданушы жазды.
Бүгін Алматыдағы «Мега» ойын-сауық орталығында досымның ұлының үстіне үлкен ойыншық мүсіні құлап кетті. Үлкен мүсін бар болғаны скотчпен жабыстырылған, — деп жазды ол.
Кішкентай баланың әкесі Жәнібек Башановтың айтуына қарағанда, ұлының миы шайқалған. Сонымен бірге, жүктілігіне тоғыз ай болған әйелі шошып қалған.
Абырой болғанда, балам аман, бірақ оның миы шайқалды. Қазір біз тексертіп жатырмыз. Әзірге полицияға арызданбадық. Алдағы уақытта сотқа жүгінеміз,- дейді зардап шеккен баланың әкесі Жәнібек Башанов.
Baribar.kz тілшісі Mega сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігіне хабарласты. Сауда орталығының өкілі Ирина Морозова оқыс оқиғаның Marwin дүкенінде болғанын растады, бірақ толығырақ мәліметті кейінірек хабарлайтынын айтты.