Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елімізде коронавирус жұқтырған 750-ге жуық науқастың жағдайы ауыр

Фото: Күнту Арынбек

24 сәуірдегі мәлімет бойынша 40 682 адам коронавирус инфекциясынан (40 172 КВИ+ және 510 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 14 395 пациент стационарда, 26 287 науқас амбулатория деңгейде ем алып жатыр.

Коронавирус пен пневмония жұқтырған науқастар арасында:

• 746 адамның жағдайы ауыр;

• 150 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 93 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

22 сәуірдің қорытындысы бойынша коронавирус жұқтырған 23, пневмония жұқтырған 4 науқас қайтыс болды.

Елімізде коронавирус жұқтырған 750-ге жуық науқастың жағдайы ауыр

COVID-19 белгілері бар пневмония

2021 жылдың 22 сәуіріндегі мәлімет бойынша 93 жаңа дерек тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталған. 77 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 52 348 науқас пневмониямен ауырды, 768 адам қайтыс болды, барлығы 51 070 адам жазылып шықты.